Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданындағы орталық қазандыққа барып, жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылыту маусымына дайындық аясында аудандағы жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазандықтар мен жабдықтардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық және тұрақты бақылауда тұр. Аудан орталығында жалпы ұзындығы 10,77 шақырымды құрайтын жылу желісі бар үш орталықтандырылған қазандық жұмыс істейді.
Пікірлер