A+ A A-

talgatzhan 33 30-05-2025, 17:25 0

Былтыр қазақстандықтар таксиге 606,2 млрд теңге жұмсаған

Бүгін / Республика

Халықтың агрегаторлар арқылы такси қызметіне жұмсайтын шығыны 2024 жылы шамамен төрттен бірге өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр электронды сауда алаңдары арқылы жалпы сомасы 606,2 млрд теңгенің жолаушылар тасымалы қызметі көрсетілді.

- Орташа алғанда сапарларды жан басына шаққандағы шығын жылына шамамен 30 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл шамамен 24,5 мың теңгені құрады, – делінген бюро ұсынған ақпаратта.

2024 жылы жүк тасымалы бойынша 610,2 млрд теңге қызмет көрсетілген болса, одан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде әлдеқайда төмен болған.

Нәтижесінде өткен жылы агрегаторлар арқылы рәсімделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерінің жалпы көлемі 1,2 трлн теңге асты. Бұл сома нақты қай платформалар мен ұйымдар арқылы өткенін ресми статистика ашып көрсетпейді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив