Бүгін облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “7 керемет” фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның басты мақсаты – балаларға шаттық сыйлау, мерекені қызықты әрі мазмұнды өткізу.
Фестиваль балалар мен ата-аналар үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Танымдық ойындар, спорттық эстафеталар, шығармашылық шеберлік сыныптары, көңілді квестер, қимыл-қозғалыс ойындары сынды 7 тақырыптық алаң ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, мереке түрлі ертегі кейіпкерлері мен танымал қуыршақтар да қатысты.
Ата-аналар балаларының бақытты сәттерін суретке түсіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер