A+ A A-

talgatzhan 0 2-06-2025, 14:30 0

Мамырда 4 мыңнан астам адам шекара тәртібін бұзған — ҰҚК

Бүгін / Республика

ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы мамыр айындағы іс-қимыл нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету және қорғау бойынша міндеттерді орындау барысында құзырлы органдармен өзара іс-қимылда бірқатар заңбұзушылықтың жолын кесті.

Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 3 963 тұлға ұсталды, оның ішінде:

30 шетел азаматы — шекараны заңсыз кесіп өткені үшін;
26 шетел азаматы — шекараны бұзуға әрекет жасағаны үшін.
1 443 заңсыз алып өту фактісінің жолы кесілді, оның ішінде:

Есірткі құралдары мен прекурсорлар — 5 кг-дан астам, соның ішінде 200 кг-нан астам прекурсор;
Қару-жарақ пен оқ-дәрі — 62 факт (1 жарамсыз атыс қаруы, 3 атыс қаруы, 1 травматикалық қару, 464 дана суық қару, 93 дана оқ-дәрі, 23 дана электрошокер);
Діни әдебиет — 135 дана (26 факт);
Жанар-жағармай материалдары — 373 факт, 50 000 литрден астам, жалпы сомасы 27 млн теңгеден асады;
Халық тұтыну тауарлары — 837 факт, жалпы құны 2,8 млрд теңгеден астам;
Шетел валютасы — 133 факт, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам.
Каспий теңізі акваториясында 32 браконьерлік әрекеттің жолы кесілді, сондай-ақ келесі заттар тәркіленді:

21 жүзу құралы;
40 км-ден астам браконьерлік тор;
140 дана (770 кг) бекіре тұқымдас балық;
Алдын алынған залал сомасы — шамамен 320 млн теңге.
Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына тиісті заң аясында шешім қабылдау үшін жолданды.

Мемлекеттік шекара бойынша шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив