Ушанов алаңындағы көпқабатты үйдің қасбетіне барыстың суреті салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның авторы - Асхат Орынбасар. Суретші әлеуметтік желіні белсенді жүргізіп, жұмыс барысымен бөліседі.
Өскемен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ол Қабанбай батыр көшесіндегі Бауыржан Момышұлының, Әуезов даңғылындағы қыз баланың муралын салған.
Пікірлер