Мемлекеттің елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдауы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеруге ықпал етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зайсан ауданының тұрғыны, жас стоматолог Мақсұтқан Жеңісхан «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, өз ісін дамытуға үлкен мүмкіндік алды.
- «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен берілген несие арқылы стоматологияға қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік алғаныма зор ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін үлкен игілік. Осындай мүмкіндіктердің арқасында кәсібімді дамытуға және ауыл тұрғындарына заманауи, сапалы қызмет көрсетуге жол ашылды, – дейді Мақсұтқан Жеңісхан.
Жаңа стоматологиялық қондырғылардың көмегімен енді Зайсан қаласының тұрғындары қалаға сабылмай-ақ медициналық қызмет ала алады.
Бұл шалғай ауылдарда жиі кездесетін медициналық қолжетімсіздік мәселесін шешуге үлес қосады.
Пікірлер