A+ A A-

talgatzhan 30 3-06-2025, 09:00 0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі қалай өзгерді

Бүгін / Республика

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты өзгерістерге түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 13 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі жыл басынан бері 106,2 пайызды құрады, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Өңірлік бөліністе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі жыл басынан бастап келесідей деңгейде болды: Ұлытау облысы — 109,9%, Ақтөбе облысы — 108,1%, Ақмола облысы — 107,9%, Абай облысы — 107,6%, Жетісу облысы — 107,5%, Алматы облысы — 107,1%, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облысы — 106,8%, Қарағанды облысы — 106,6%, Шығыс Қазақстан облысы –106,3%, Шымкент қаласы — 106,2%, Павлодар облысы — 106,1%, Қызылорда облысы — 106,0%, Қостанай облысы — 105,9%, Алматы қаласы — 105,8%, Маңғыстау облысы — 105,7%, Түркістан облысы — 105,2%, Батыс Қазақстан облысы — 104,9%, Астана қаласы — 104,7%, Атырау облысы — 104%.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив