Қосылған құн салығының өсуі елдегі бағаға қалай әсер етеді? Сауда министрлігі нақты шаралар мен бақылау жүйесін түсіндірді , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіBAQ.KZсайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның айтуынша, ҚҚС өсімі бағаға әсер етуі мүмкін. Алайда бұл ықпалдың азаматтарға ауыртпалық түсірмеуі үшін бірқатар шара қабылданып жатыр.
ӘМАТ (еск- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) бойынша сауда үстемеақысының шекті мөлшерін сақтау – негізгі тетіктердің бірі. Министрлік бұл бағытта бақылау жұмыстарын күшейтті, – делінген редакциямызға берілген жауапта.
2024 жылы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 204-4 бабына өзгерістер енгізілді. Бұрынғы ескерту орнына енді 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл шара делдалдар мен заңбұзушыларға тосқауыл қою үшін қабылданған.
Өңірлік комиссиялар делдалдық схемаларды барлық кезеңде тексеріп жатыр. Сонымен бірге, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, электрондық шот-фактуралар жүйесіне негізделген пилоттық жоба іске қосылды, – дейді министрлік.
Аталған жобаға ӘМАТ-қа қоса көмір мен астық тауарлары да енгізілген.
2025 жылдың басынан бері 2955 сауда тізбегі талданып, 381 жағдайда заңбұзушылық белгілері анықталған.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ҚҚС-тан босатылмақ. Бірақ бұл өзгеріс әзірге түпкілікті қабылданған жоқ – заң жобасы қазіргі таңда Парламент қарауында.
Пікірлер