Іс Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қала тұрғыны «Changan UNI-V» маркалы автокөлігіне рұқсатсыз арнайы жарық белгілерін орнатқан. Осылайша, ол жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзды. Жүргізуші жарық құралдарын жарнамалық мақсатта орнатқанын айтты, - делінген ресми мәліметте.
Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, айыппұл сомасы 30 пайызға азайтылды.
Пікірлер