A+ A A-

talgatzhan 0 4-06-2025, 15:00 0

2 жылда 500-ден астам клиникалық хаттама қайта қаралады

Бүгін / Республика

Денсаулық сақтау министрлігі 2025-2026 жылдары халыққа медициналық көмектің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыру мақсатында 500-ден астам клиникалық хаттаманы өзектендіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Аталған ведомство мәліметінше, 2013 жылдан бастап елде диагностика, емдеуді, медициналық оңалтуды және паллиативтік көмекті қамтитын 1133 клиникалық хаттама жұмыс істейді.

2018 жылға дейін клиникалық хаттамаларды әзірлеу, қайта қарау және сараптау Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының (ҰҒДСДО) үйлестіруімен бірыңғай регламент бойынша мемлекеттік тапсырманың шеңберінде жүзеге асырылды. Алайда, қызметтің бұл түрін бәсекелестік ортаға — бейінді медициналық қауымдастықтарға, ғылыми-зерттеу институттарына, ұлттық орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарына бергеннен кейін құжаттардың бірыңғай үйлестірілуі мен сапасы жоғалды.

Осылайша, 2022 жылы әзірленген 90 хаттаманың 46-сы (51%), 2023 жылы — 180-ден 45-і (25%), ал 2024 жылы-180-ден 9-ы (5%) мақұлданды.

- Осыған байланысты 2024 жылғы желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа редакция барлық кезеңді өткізу мерзімін, аурулардың басымдылығын, КХ құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды реттейді, сондай-ақ диагностика мен емдеудің негізгі және қосымша әдістеріне саралауды енгізеді, - деп атап өтеді министрліктен.

Сонымен қатар 2024 жылы 543 қолданыстағы клиникалық хаттамаға, сондай-ақ ең көп қолданылатын және ресурстарды қажет ететін 70 КХ-ға ауқымды ревизия жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша 430 хаттаманы қайта қарау кестесі бекітілді: 2025 жылы – 230, 2026 жылы – 200. Әрбір хаттамаға жауапты ғылыми ұйымдар мен медициналық жоғары оқу орындары бекітілген.

2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін қағидаларды қосымша жетілдіру жөніндегі жұмыс аяқталады, оның ішінде:

- КХ типтік құрылымын орнату;

- медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның КХ қарау мерзімдерін регламенттеу;

- біріккен комиссия мен Формулярлық комиссияның арасындағы дәрілік заттар бойынша ұсынымдарды өзара тану тетіктері;

- қымбат препараттар мен қызметтерді енгізу кезіндегі бюджеттік салдарларды міндетті талдау;

- КХ әзірлеуге жауапты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының басшылары үшін KPI жүйесін енгізу.

Жаңартылған клиникалық хаттамалар дұрыс емес немесе тиімсіз терапиямен байланысты қауіптерді азайтуға көмектеседі және бүкіл елде емдеудің бірыңғай әдісін ұсынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив