A+ A A-

talgatzhan 45 4-06-2025, 15:30 0

Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акция өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенді жастары #МеніңЕлімМеніңТуым патриоттық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Жастар Рухының» мүшелері қаладағы биік ғимараттарды қазақтың көк байрағымен безендіріп, ел рухын көтеретін ерекше атмосфера қалыптастырды.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әр қазақтың жүрегіндегі мақтанышы, тәуелсіз елдің басты құндылықтары. Бұл рәміздер – халықтың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.

- Біз бұл бастаманы жастардың бойында елжандылық пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырдық. Мемлекеттік рәміздер – бұл тек белгілер емес, біздің өткеніміз, бүгініміз және жарқын болашағымыз. Осындай акциялар арқылы біз жастарды елін, жерін құрметтеуге, Туға тағзым етуге баулимыз,- дейді «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив