Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шараға облыстық басқарма өкілдері мен мәслихат депутаттары, жастар ұйымдары, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар қатысып, Әнұранды орындады.
- Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше маңызға ие. Өйткені Елтаңба, Ту және Әнұран – бұл жай ғана мемлекеттің белгілері емес. Олар халқымыздың азаттыққа, бейбітшілік пен өркендеуге деген ұмтылысын, ел тарихының тағылымын бейнелейді. Мемлекеттік қызметке енді қадам басқан жас қызметшілердің ант қабылдауы да ерекше мағынаға ие. Бұл – халық пен Отан алдындағы жеке жауапкершіліктің, мемлекеттік қызметке адалдықтың айғағы. Сенім үдесінен шығатындарыңызға сенемін. Қазақстанның Туы әрқашан қуатты, бейбіт әрі біртұтас мемлекетіміздің үстінде желбірей берсін! Елтаңбамыз тұрақтылық пен әділеттіліктің символы болсын! Әнұранымыз әрқайсымызды Отан үшін игі істерге шабыттандырып отырсын, – деді аймақ басшысы.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, қызметтік куәліктерін алды.
Пікірлер