Айт намазы таңғы сағат 07:00-де оқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Құрбандық шалу рәсімін өткізу үшін 40 кәсіби қасапшы жұмыс істейді. Мал союға арналған ресми орын ретінде Атығай асуының маңындағы аумақ таңдалды. Онда ветеринариялық бақылау бекеті орнатылады. Мамандар әр малды, оның құжаттары мен етін мұқият тексереді.
Ветеринариялық және санитариялық қызметтер мал сою орнында санитариялық-ветеринариялық талаптардың сақталуын қатаң қадағалайтын болады.
Пікірлер