Қасым Қайсенов кентінде «Әрекеттегі қоғам: өзін-өзі басқару, ашықтық және қоғамдық бақылау» жобасы аясында облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Шара облыстық Ішкі саясат басқармасы тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. Басты мақсаты – азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беру және мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Бұған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
– Шара барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген түрлі сұраққа жауап алды. Жергілікті деңгейде шешімін таппай жүрген мәселелер бойынша азаматтар кеңес алып, бастамаларына қолдау тапты. Бұдан бөлек, түрлі әлеуметтік топтарға арналған мемлекеттік гранттар да қарастырылған, – деді қоғамдық кеңес мүшесі Аяужан Әшімова.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінде 10 комитет жұмыс істейді. Оның қызметі қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған.
Пікірлер