A+ A A-

talgatzhan 30 5-06-2025, 14:25 0

Қазақстанға қанша адам көшіп келді

Бүгін / Республика

2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар саны 4 923 адам, кеткендер саны - 1 122 адам, көші-қон сальдосы оң - 3801 адам, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі — 68%.

— ТМД елдерінен қоныс аударып, ықтияр хат алған 4 137 адамның ішінде ең көбі Өзбекстаннан келген — 2 614 адам, Ресейден — 982 адам. Өзге елдерден биылғы алғашқы үш айда 783 адам келді. Олардың басым бөлігі Қытай (427 адам), Моңғолия (129 адам) және Түркиядан (57 адам) келген, — делінген Ұлттық статистика хабарламасында.

Келгендердің басым бөлігі Алматы (1 649 адам) және Маңғыстау облыстарына (764 адам), сондай-ақ Алматы қаласына (687 адам) қоныстанған.

Келгендердің негізгі үлесі (61,7%) 20 мен 44 жас аралығында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив