A+ A A-

talgatzhan 30 5-06-2025, 15:40 0

Шемонаиха ауданында биыл 136 жұмыс орны ашылды

Бүгін / Шемонаиха

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Данияр Жүнісовтің сөзінше, ауданда ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы құрылымдары, шағын және орта кәсіпкерлік секторы тұрақты жұмыс істеуде. 

- Жыл басынан бері негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103%-ға ұлғайып, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері 117%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 102%-ға, инвестиция мөлшері 103 %-ға артты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 115%-ға, тауар айналымының көрсеткіші 117%-ға ұлғайды. Аудан бюджеті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119% өсіммен орындалды, - деді аудан әкімінің орынбасары. 

Жыл басынан бері жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 138 мың гектарға жетті. Оның ішінде 71,4 мың дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 54 мыңнан астам майлы дақылдар мен 13 мың жемшөп және көкөніс дақылдары бар. 

Былтыр «Белокаменское» ЖШС және «Хамзин С және Компания» КШ, «Рулиха» ЖШС сүт-тауар фермаларын салу бойынша үш ауқымды жоба іске асырылып, қаңтарда 160 бас жеткізілді.

- Өз ісін ашу және кеңейту үшін 400 АЕК-ке дейін 10 грант бөлінді, өтінімдер қаралуда. Кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына жем өндіретін кәсіпорын үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі жоба мақұлданды. 136 тұрақты жұмыс орны құрылып, 182 азамат бос жұмыс орындарына орналастырылды. Тағы 173 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 1 отбасы республиканың жұмыс күші артық өңірлерінен көшірілді, - дейді Данияр Жүнісов.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив