A+ A A-

talgatzhan 31 5-06-2025, 16:30 0

Өскеменде театр маңына үш жүзден астам көшет отырғызылды

Бүгін / Өскемен

5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Өскеменде ерекше форматта аталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бірнеше игі шараның бірі – облыстық Драма және оперетта театры аумағында өткен ағаш отырғызу акциясы. Бұл экологиялық бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылып, театр маңына 300-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Жас шыбықтарға су құйылып, арнайы күтім де жасалды.
Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлының айтуынша, бұл шара қаланы көгалдандыруға арналған кешенді жұмыстың бір бөлігі. 
- Іс-шараға «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары, эко-волонтерлер, мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсенді қатысты. Театр төңірегінен бөлек, №21 шағын аудан мен Карбышев көшесінде де көшет отырғызу жалғасуда. Келешекте бұл жерлер жайқалған қайың мен терекке бөленіп, қала тұрғындарына көлеңкелі сая сыйлайтын болады,- деді ол.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы елдің барлық өңірінде өткізіліп жатыр. Ресми дерек бойынша, оған 100 мыңнан астам адам қатысуда. Оның 50 мыңы – «Жасыл ел» қозғалысының белсенді жастары. Жаз бойы республика көлемінде 1 миллионнан астам ағаш отырғызылып, 50 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналмақ.
Шараға қатысушы жастардың бірі Салтанат Бақытжанқызы бұл бастамаға үшінші күн қатарынан атсалысып жүргенін айтып, табиғатты қорғауды өзінің азаматтық парызы деп білетінін айтты.
Айта кетейік, экологтар күнінде басталған бұл шаралар табиғатқа деген жанашырлықты арттырып, жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға зор үлес қосты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив