A+ A A-

talgatzhan 31 5-06-2025, 20:00 0

Өскеменде Жайдарман ойыны өтті

Бүгін / Өскемен

5 маусым күні облыс орталығындағы Достық үйінде Өскемен қаласы әкімінің кубогіне арналған Жайдарман ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күлкі мен креативке толы кешке қала әкімдігі қолдау көрсетті.

Ойынға Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облысының әр түкпірінен келген 9 команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар өз өнерлері мен тапқырлықтарын көрсетті. Көрермен ерекше әзілдер мен өмірден алынған шынайы оқиғаларға негізделген көріністерге куә болды.

- Бүгінгі жайдарман өте керемет деңгейде өтті. Қаламызда осындай шаралардың жиі болғаны дұрыс деп ойлаймын. Командалар жақсы дайындалып келген. Аягөзден келген "Жастық шақ" және Семейден келген "Әуезов" құрамасы ерекше ұнады, - дейді қала тұрғыны Аяна Асхатқызы.

Ойынға танымал жайдарманшылар, мәдениет саласының өкілдері және қалалық жастар саясаты басқармасының мамандары қазылық етті.

Нәтижесінде 3 орынды С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың "Көркем қыздар" құрамасы иеленді. Жүлделі 2 орынды Семей қаласының "Әуезов" командасы қанжығасына байлады. Ал 1 орын мен әкім кубогіне Аягөзден келген "Жастық шақ" команда ие болды.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив