A+ A A-

talgatzhan 31 7-06-2025, 15:00 0

ШҚО әкімі Славский жағалауын заманауи үлгіде абаттандыруды тапсырды

Бүгін / Өскемен

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан көшесінің тұсындағы көпір асты кеңістікті абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі – 2329,24 шаршы метр.
Бұл жерде воркаут аймағы, балалар алаңы, шағын архитектуралық формалар, теннис үстелдері, сегізбұрышты ринг, ашық киіну бөлмесі, дизайнерлік трибуналар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылады.
- Бұл – біздің ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін жастар үшін сүйікті демалыс орны. Сондықтан бұл жерде амфитеатрды, жағалауды және спорт алаңдарын біріктіретін жан-жақты кешен жасау қажет. Славский жағалауында заманауи абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын орнату керек. Сонымен қатар Пермитин көшесінен Славский жағалауына дейінгі көпір асты жолдың құрылысын шұғыл аяқтау қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ол жобаның жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив