Облыс орталығындағы абаттандыру нысандарын аралау барысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы жанындағы скверді абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сквер аумағында 3453 шаршы метр жерге тас төселіп, 201,83 шаршы метрге гранит плиталар орнатылады. Газонды аймақтың көлемі – 4339 шаршы метр. Бұдан бөлек, екі субұрқақ, гүлсауыттар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылады.
- Сквермен қатар филармонияның қосалқы нысандары мен шаруашылық құрылыстарын да жаңартып, абаттандыру қажет. Сонымен қатар ашық аспан астындағы концерттерге арналған сахна орнату керек, – деді облыс әкімі.
Ол құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.
Пікірлер