Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына қабылдау кезеңінің негізгі мерзімдері жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 
Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі ресми күнтізбені ұсынды. 
Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді; 
ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз; 
"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі); 
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады; 
Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді; 
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады; 
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. 
Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар. 
 
        
        
Пікірлер