7 маусымда сағат 16:24-те Зимих орман шаруашылығының 125-кварталы (МКМ «Верх-Уба орман шаруашылығы») аумағында түтін шыққаны тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына найзағай себеп болып, ағаштың ұшар басы тұтанып, төсеніш қабаты шала жанған.
Оқиға орнына ТЖД мен Орман шаруашылығының күштері жіберілді. Алғашқы сағаттарда 49 адам, 7 техника, жылу камерасы бар дрон және 3 спутниктік терминал жұмылдырылды.
Оқиға орнындағы жауапты басшы ретінде УОПиАСР басшысының орынбасары Ж.Ж. Магулов тағайындалды.
Мамандар аумақты әуеден барлап шыққан кезде ашық жану белгілері анықталмады. Таң атқаннан кейін, 8 маусым күні сағат 04:00-де Уба өзенінен өту нүктесінен болжамды ошаққа дейін 4 шақырым жаяу барлау жұмыстары басталды.
8 маусымға Ми-2 орман авиациясының тікұшағымен барлау жоспарланған.
Оқиға орнында барлығы 56 адам, 8 техника, 2 шағын орман өрт сөндіру кешені, дрон, су көліктері мен вахталық көліктер жұмыс істеді.
Өскемен қаласынан қосымша күштер жіберілді: 17 адам, техника, мобильді пункттер және спутниктік байланыс құралдары. Қосымша ретінде тағы 32 адам мен 3 техника резервте дайын тұрды.
Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады.
Өрт ошағы 8 маусым күні сағат 06:40-та оқшауланып, 17:00-де толық сөндірілді.
Оттың таралуына жол берілмеді.
Пікірлер