A+ A A-

talgatzhan 31 9-06-2025, 17:00 0

Шомылу маусымының 9 күнінде 5 адам суға кеткен

Бүгін / Республика

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға кеткен. Оның біреуі жасөспірім. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Талғат Жамбауов осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Шомылу маусымы басталған 1 маусымнан бері 5 адам тыйым салынған жерде суға батып кетті. Жалпы суға батудың 95 пайызы тыйым салынған жерде тіркеледі. Аталған 5 адамның біреуі 15 жастағы жасөспірім. Ол оқиға Астана қаласында тіркелді. Бұл 1 маусымнан бергі статистика. Ал жыл басынан бері 19 адам суға кеткен. Оның жетеуі бала, — деді ол баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, шомылуға рұқсат етілмеген жерге шомылған азамат та, шомылу ұйымдастырған адамдар да жауапкершілікке тартылады.

— Рұқсат етілмеген жерде шомылған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 412-бабы бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524теңге — ред) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жабдықталмаған орында шомылу ұйымдастырған су айдынының иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Оның жазасын Ішкі істер министрлігі саралайды, — деді Талғат Жамбауов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив