"Қазгидромет" РМК бүгінге, 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде антициклон ықпалымен құрғақ ауа райы сақталады. Алайда Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынды күн күтіледі. Циклон мен фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, кей жерлерде жаңбыр жауады. Сондай-ақ екпінді жел тұрып, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Сонымен қатар, бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жоғары өрт қаупі Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодардың батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе, Жамбыл (орталық), Маңғыстау, Ақмола (оңтүстік), Солтүстік Қазақстан (батыс және солтүстік), Қостанай және Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының жекелеген аудандарында күтіледі.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, БҚО, Ұлытау облыстарының бір бөлігінде, Абай облысының батыс және оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстік және шығыс аймақтарында жарияланды.
Пікірлер