A+ A A-

talgatzhan 37 10-06-2025, 09:30 0

ҰБТ-2025: 108 талапкердің тест нәтижесі жойылды

Бүгін / Республика

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырдан басталып, осы уақытқа дейін 164 мыңнан астам талапкер тест тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Министрліктің дерегінше, талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, ал 136 адам ағылшын тілінде тапсырған. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 65. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан келген Әбілхан Жәнібекке тиесілі.

Тестілеуде ең жиі таңдалған пән комбинацияларының көшін "Математика – Физика" (18%) бастаса, одан кейін "Биология – Химия" (15%) және шығармашылық емтиханды қажет ететін пәндер (14%) орналасқан. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 477 талапкерге қолайлы жағдай жасалған.

Тестілеу аяқталған соң талапкерлер 30 минут ішінде тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция бере алады. Техникалық себептерге байланысты өтініштер тестілеу барысында қабылданады. Апелляция нәтижелері қаралғаннан кейін, қорытынды сертификаттар талапкерлердің жеке кабинеттеріне жүктеледі.

ҰБТ барысында 206 ереже бұзушылық анықталды. 98 талапкер смартфон, шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тесттен шеттетілсе, тағы 108 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде адамдардың орнына тест тапсыру жағдайлары тіркелген жоқ.

ҰБТ-2025 аяқталған соң, 31 қазанға дейін бейнежазбалар сарапталып, тыйым салынған құралдарды пайдаланған немесе ережені бұзғандар анықталған жағдайда олардың нәтижелері жойылады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив