Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті вагондарды беру-жинау жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізеді
Департамент өтінішті қарау шеңберінде вагондарды беру-жинау жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізеді.
Талдау жүргізу мақсаттары:
Тауар нарығының шекарасын анықтау;
Өзара алмастырылатын тауарлардың критерийлерін анықтау;
Тауар нарығының көлемін және тауар нарығындағы нарық субъектілерінің үлесін есептеу;
Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау;
Бәсекелестіктің дамуына әсер ететін нарық субъектілері қызметінің кедергілерінің, қиындықтарының не өзге де шектеулерінің бар екендігін куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру кедергілерін айқындау;
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау.
Пікірлер