A+ A A-

talgatzhan 40 10-06-2025, 14:45 0

Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді

Бүгін / Республика

Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Бүгінде Қазақстан колледждері металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлауда.

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 170 мыңнан астам студент тәмамдайды. Олардың ішінде 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 81%-ды құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив