A+ A A-

talgatzhan 52 11-06-2025, 09:30 0

Сән мен сұлулық сайысы кезінде жоғары дайындықпен келген арулар барын салды

Бүгін / Өскемен

Жуықта Өскеменде «Miss & Mrs Vostok» атты сән мен сұлулық кеші өтті. Бұл аймақтағы көркі мен ақылы ұштасқан бұрымдыларды қолдап, шабыттандыруға бағытталған бірегей шара, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеш аясында дизайнер Раушан Ануарбекованың сән көрсетілімі мен «Ivory» салоны ұсынған ұлттық киімдер дефилесі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ Жапониядан арнайы келген скрипка шебері өз өнерімен көрерменді тәнті етті.
Мерекелік кеш ажарын сәтті ұйымдастырылған фуршет пен ерекше фотозона аша түсті. Сол арқылы қонақтар көркем сәттерді естелікке айналдырды.
— Бүгін шырайлы Шығыстың жүрегінде керемет кеш өтіп жатыр. Қатысушылардың әрқайсысы — өз алдына сұлу, нұрлы жандар. Мен бұл шараға тек қонақ ретінде ғана емес, қазылар алқасының мүшесі ретінде де арнайы шақырылдым. Әрбір әйел бақытты болуға әбден лайық, — деді Астана қалалық мәслихатынының депутаты Мадина Ажикенова.
Шараға құрметті қонақ ретінде сән әлемінің белгілі өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысып, байқауға қатысушылардың өнерін бағалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив