A+ A A-

talgatzhan 35 11-06-2025, 15:15 0

Өскемен әуежайына қатысты тексеру басталды

Бүгін / Өскемен

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.

Талдау қорытындысы бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ-ның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды - монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.

Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив