A+ A A-

talgatzhan 40 11-06-2025, 18:30 0

Өскеменде республикалық спартакиада басталды

Бүгін / Өскемен / Спорт

Облыс орталығында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауқымды спорттық шара аймақтардан жиналған үздік командалардың басын қосып, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды бастамаға айналды.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысушыларды құттықтап, Мемлекет басшысының салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тапсырмалары жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті.

– «Ең бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Бүгінгі спартакиада – жай ғана спорттық жарыс емес, ұйымшылдықтың, ынтымақтастықтың, табандылықтың жарқын көрінісі. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысуда. Жамбыл облысының құрамасы ерекше дайындықпен келгенін жеткізді.

– Ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Командамыздың қайсар рухпен өнер көрсететініне сенеміз, – дейді Қуат Қанатұлы.

Айта кетейік, республикалық деңгейде ұйымдастырылған спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында өзара тәжірибе алмасудың, серіктестік пен достықты нығайтудың жарқын алаңына айналып отыр.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив