С.Нұрмағамбетов көшесіндегі жолақтардың бірі автобустар үшін кері бағытта қолжетімді болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
12 маусым сағат 20:00-ден 16 маусым сағат 05:00-ге дейін Қазақстан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы жабылады.
Аталған мерзімде Қабанбай батыр көшесі бойынша көлік қозғалысына толықтай тыйым салынады.
Уақытша шектеулер жолды қалпына келтіру жұмыстарымен байланысты. Жол төсемінің төменгі және жоғарғы қабаты ауыстырылып, темірбетонды өткел салынады.
Пікірлер