A+ A A-

talgatzhan 31 13-06-2025, 09:55 0

Өскеменде Пермитин – Қабанбай батыр қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін / Өскемен

«Шығыс Жылу» АҚ 12 маусым-29 тамыз аралығында жылу желілерінде жөнделетінін мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ТК-7101 учаскесінен (Пермитин – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы) ТК-7101-7 учаскесіне (Новаторов – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы) дейінгі жерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс уақытында жол қозғалысына шектеулер енгізілді:

Пермитин көшесінен Буров көшесімен қиылысына дейін оң жақ жолақты тарылту;

Буров – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан Новаторов – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына дейін оң жақ жолақты тарылту;

Желтоқсан көшесінен Қабанбай батыр көшесіне қарай оңға бұрылу жабылады.

Бұдан бөлек, 14-23 маусым аралығында Крылов көшесінің бойындағы көпірдегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Крылов көшесінен Астана көшесіне дейінгі көпірде көлік қозғалысы бағыты жабылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив