Трамвай паркінің ақпаратынша, 12-15 маусым аралығында трамвай жолдарын ауыстыру, Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында дыбыссыз өткел орнатуға байланысты барлық бағыт бойынша трамвай қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
16 маусымда трамвайлар кестеге сәйкес жұмысын жалғастырады.
Тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Пікірлер