A+ A A-

talgatzhan 0 13-06-2025, 13:50 0

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады

Бүгін / Республика

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 


Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген тарихи дата.

Биыл 6 шілде жексенбі күніне түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сәйкес, мерекелік күн демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сондықтан 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болып бекітіледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күндерінің кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасы: 5, 6 және 7 шілде - демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы: 6 және 7 шілде - демалыс, 5 шілде - жұмыс күні.

Соған сәйкес, шілде айында:

Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.

Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив