Катонқарағай ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожол бойында автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірқатар елді мекенде заманауи жаңа павильондар орнатылып, бұрыннан бар аялдамалар жөнделіп, абаттандырылуда.
Жұмыстар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып жүргізілуде. Барлық аялдамалар қоршалған. Бұл малдың кіруін болдырмауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.
Жаңартылған павильондар ауа райынан қорғайды және шалғай ауыл тұрғындары үшін қоғамдық көлікті күтуді әлдеқайда ыңғайлы етеді.
Пікірлер