Катонқарағай тұрақты даму мен заманауи қала құрылысы қағидаттарына сүйене отырып дамуын жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бағытта ауданның тұрақты даму қоры үлкен қолдау көрсетіп келеді. Қордың қатысуымен бірыңғай сәулеттік талаптарды қамтитын өзіндік дизайн-код әзірленді.
Енді аудандағы жаңа ғимараттар мен нысандар, жөндеу жұмыстары бекітілген дизайн-кодқа сай жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде аудан әкімдігі, прокуратура мен сот ғимараттары бір стильде безендірілген.
Жаңашылдықтар жеке секторды да қамтиды: сауда және қоғамдық орындардың, оның ішінде қоғамдық тамақтану нысандарының қасбеттері бірыңғай түсте және дизайнда рәсімделеді. Бұл шешім ауданның көркем әрі үйлесімді келбетін қалыптастыруға және бірегей бейнесін жасауға бағытталған.
Пікірлер