Таяуда аудандағы орталық алаңға LED-экран қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді тұрғындар мен қонақтар ауқымды түрде өтіп жатқан “Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі” фестивалінің бағдарламасымен танысып, ашық аспан астында ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын көріністерді, этнофестиваль мен концертті тамашалай алады.
Халықтың қызығушылығын оятатын ұлттық спорт түрлерінің барысы LED-экран арқылы тікелей көрсетіледі.
Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар мен қонақтар аудандағы орналастыру және тамақтану орындары туралы қажетті мәліметтерді біле алады. Қонақүйлер, демалыс орындары, дәмханалар мен мейрамханалар жөніндегі ақпарат, олардың байланыс нөмірлері мен мекенжайы экранда көрсетіліп отырады.
Бұл бастама жергілікті кәсіпкерлер үшін де тиімді байланыс құралына айналды.
Фотосурет: F16.kz
Пікірлер