A+ A A-

talgatzhan 51 Кеше, 10:30 0

Катонқарағай ауданында жәрмеңке өтіп жатыр

Бүгін / Катонқарағай

Бүгін Катонқарағайда жергілікті өнімдердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі. 

Онда табиғи әрі экологиялық таза өнімдер ұсынылып, жұртшылықтың қызығушылығын оятты.
Табиғат аясында ұйымдастырылған бұл шараға ауыл кәсіпкерлері белсенді атсалысты. Солардың бірі — он жылдан бері жеке кәсіппен айналысып жүрген, табиғи өнім өндіруші Гаухар Баукенова. Ол жәрмеңкеге өз қолымен жасаған табиғи сабындарын ала келіпті.
— Табиғатпен етене жақын, тылсым күшке толы Катонқарағайдың байлығын пайдаланып, пайдалы әрі таза өнім өндіруге тырысып келемін. Бүгінгі жәрмеңкеде өз еңбегімнің жемісін жұртшылыққа ұсыну – мен үшін үлкен мәртебе. Осындай шаралар - кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау, — дейді ол.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар өңірдің экологиялық өнімдеріне жоғары баға беріп, кәсіпкерлерге алғысын білдірді. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив