A+ A A-

talgatzhan 25 Кеше, 13:40 0

Катонқарағайда әсерге толы аламан бәйге өтті

Бүгін / Катонқарағай / Спорт

Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстардың бірі – аламан бәйге ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

XXIII халық спорт ойындарының аясында өткен жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген көрерменге арналған үлкен мерекеге айналды. Ат спорты мен ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған бұл шарада жиналғандар тартысты додаға куә болды.
Жарыстың құрметті қонағы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Ол бәйгені тамашалап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
25 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Тарбағатай ауданынан келген Манап Әбілмансұр «Зағип» атты тұлпарымен бірінші орынға ие болды. 
Күршім ауданынан Дәулет Темірлан «Барыс» атты тұлпарымен екінші орын алды.
Үшінші орынды Зайсан ауданынан келген Дулат Нұралин мен оның «Арбат» атты тұлпары жеңіп алды.
Жүлде қоры да ерекше болды: бірінші орынға — автокөлік, екінші орынға — 1 миллион теңге, үшінші орынға — 700 мың теңге берілді.
Аламан бәйге — бұл тек спорттық дода ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, дала рухын, ұлттық бірлікті еске салатын ұлы дәстүр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив