Киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға арналған жәрмеңке мен көрме ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль аясында өтіп жатқан халықаралық ақындар айтысы мен түрлі мәдени шаралар көрермен көңілінен шығып жатыр. Ауыл-аймақтардан жиналған тұрғындар ұлттық өнер мен дәстүрдің жаңғыруына куә болуда.
— Бүгінгі фестиваль өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Мұндай кең ауқымды, мазмұнды шара бұрын-соңды болмаған деуге болады. Мен — Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылының тумасымын. Қазіргі таңда өнер мектебінде мұғалім болып еңбек етемін. Осы фестивальге сурет көрмесін алып келдік. Өзіміздің туған жерімізді, салт-дәстүрімізді сурет арқылы таныстырып жатырмыз. Өнермен 10 жылдан бері айналысып келемін, — дейді суретші Әділет Шоқан.
Фестиваль барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрмелер этно-мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылған.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер