Бүгін табиғаты таңдай қақтырар, тарихы терең Катонқарағай ауданында халықаралық деңгейдегі ауқымды шара өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль аясында маңызды үндеу айтылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов Катонқарағай ауданының сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймақтардың бірі екенін еске салып, тұрғындарды қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарамауға шақырды.
– Мұнда жер сілкінісі қаупі бар екенін естен шығармаған абзал. Сонымен қатар су тасқыны, орман өрті сынды табиғи апаттардан сақтанудың жолын білу – әр азаматтың жауапкершілігі. Катонқарағай — туристер тұмса табиғатты тамашалайтын әрі қауіпсіздікті назарда ұстайтын жер. Осы орайда халықты құлақтандыру – біздің басты міндетіміз, – деді ол.
ШҚО ТЖД өкілдері тарапынан өрт қауіпсіздігі, су тасқыны мен жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттер жөнінде кең көлемде ақпараттар ұсынылуда. Бұл бастама – мерекелік көңіл-күймен қатар, халықтың өміріне жауапкершілікпен қарау үлгісін көрсетер маңызды қадам.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер