Халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі Катонқарағайдың қойнауын ән мен жырға бөлеп, рухани ортаға айналдырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыр сайысы – айтыс өнері де бұл шарада айрықша көрініс тапты. Айтыс додасына куә болған блогер Иван Червинский өз әсерімен бөлісті.
- 2021 жылы Еділ Құсайынов маған Катонқарағайдың сұлулығы жайлы айтқан еді. Содан бастап осы жерге келуді армандадым. Катонқарағай – шынымен де көркем мекен. Осында келіп, ауқымды шараны өз көзіммен тамашалау – мен үшін үлкен бақыт. Армандар орындалады. Әр адам осы өлкеге келіп, шығыстың шексіз сұлулығын көруі керек, – деді ол шабыттана.
Фестиваль аясында ән мен айтыс үндесіп, қазақ руханиятына тың серпін беруде. Алтайдың аясында өткен бұл шара – тек өнер ғана емес, табиғатпен үндескен ұлттық болмыстың бір көрінісі.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер