A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 16:30 0

Әлия Әшім: "Халықтың бірлігі мен ынтымағы арта түсуде"

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағайдың төрінде өтіп жатқан «Алтай –  түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль ерекше көңіл-күймен жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиналған қатысушылар бұл шараны - тек мереке ғана емес, мәдени байланысты нығайтатын рухани орта деп бағалауда.
Журналист, блогер Әлия Әшімнің айтуынша, бұл – түркі жұртының бауырластығын тереңдетудің, рухани жаңғырудың нақты көрінісі.
– Әсем табиғат аясында ұлттық құндылықтар жаңғырып, халықтың бірлігі мен ынтымағы арта түсуде. Фестиваль аясында тігілген киіз үйлер этноауыл көрінісін беріп, келген қонақтарға қазақы тұрмыстың шынайы болмысын сезінуге мүмкіндік жасауда. Қолөнершілер өз туындыларын ұсыну арқылы ұлттық өнердің баға жетпес мұра екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл фестивальдің басты ерекшелігі де осында, – дейді ол.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив