A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 16:45 0

«Алтай – алтын бесігім»: ақтық кезең басталды

Бүгін / Катонқарағай

Көптің назарын аударған дүбірлі дода — «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыстың финалы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ел мен жердің рухын көтеріп, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатуға келген айтыскерлер сахнада сөз сайысына түсті.
Белгілі ақындар Рүстем Қайыртай мен Дидар Қамиев көркем ой мен кестелі сөздің көрігін қыздырып, көрермен көңілінен шықты. Алтайдың айбынды тарихы, елдік пен ерлік рухы, бүгінгі күннің келелі мәселелері жырмен өріліп, ақындар айтысқа тың серпін берді.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив