A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 09:00 0

Барлық өңірде туристік полиция бөлімдері пайда болады

Бүгін / Республика

Биыл туристік полицейлер 5 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Олардың міндеті – шетелден келген меймандардың жайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 


Қазір 12 өңірдегі 30-дан астам туристік нысанда туристік полиция қызмет көрсетеді. Биыл оларға 5000-ға тарта азамат жүгінді. Елордадағы көрікті орындар аумағында туристік полиция қызмет көрсететін 4 стационарлық бекет бар.

Тәртіп сақшылары шетелдік туристердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Нысандарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған. Сондай-ақ туристік полиция қызметкерлері 2,5 мыңға жуық қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеді.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив