A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 11:00 0

Өскеменде Ана мен бала орталығы заманауи перзентханаға айналады

Бүгін / Өскемен

Ана мен бала орталығын ауқымды реконструкциялау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жөндеу жұмыстары облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Бұрынғы балалар стационарының орнына аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін бірыңғай медициналық кешен құрылады.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
- Аналар мен сәбилер үшін жайлы, заманауи және жылы орта жасаймыз, - деді Жақсылық Омар. 
Ғимаратта үй-жайлар, желдету жүйелері, инженерлік желілер жаңартылады және заманауи медициналық жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар ішкі логистикаға ерекше назар аударылады, енді бөлімдер арасында жүру тезірек және ыңғайлы болады.
Бұрын гинекология, жаңа туған нәрестелер патологиясы, реанимация, операциялық бөлмелер мен зертханалар әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Қайта құрудан кейін барлық негізгі қызметтер бір жерде шоғырланады. Бұл көмек көрсету уақытын қысқартады, әйелдер мен сәбилерге ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайды.
Реконструкция аяқталғаннан кейін бүкіл перзентхана толықтай осы ғимаратқа көшіріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив