A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:30 0

Алаяқтар хабарласса не істеу керек: Бас прокуратура алты кеңес айтты

Бүгін / Республика

Алаяқтық бойынша Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы қаласы (1114), Қарағанды облысы (868), Павлодар облысы (861), Ақмола облысы (792), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.  

Қазақстандағы алаяқтық ұзақ уақыт бойы азаматтар үшін бас ауруына айналды. Аляқтар «банк қызметкерлері» болып қоңырау соғады, интернеттегі жалған хабарландырулар, күмәнді инвестициялар, мұндай схемалар көпшілікке таныс және күнсайын күрделене түсіп отыр. 

Қазақстанда статистика не дейді?

2024 жылы интернет — алаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелді, ал 2025 жылдың 5 айында — 10 145.

Қай өңірлерде жиі алдайды?

Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы қаласы (1114), Қарағанды облысы (868), Павлодар облысы (861), Ақмола облысы (792).

— Барлығы 2025 жылдың 5 айында алаяқтардан 17 909 адам зардап шекті, олардың ішінде 1131 зейнеткер мен 50 кәмелет жасқа толмаған балалар. Жыл басынан алаяқтар интернеттегі жалған хабарландыруларды (2104) және «банк қызметкерлерінен» (2118) қоңырауларды жиі қолданды. Тағы бір түрі — «инвестициялық» алаяқтық, ол жерде адамдар жинақтарын жоғалтады, кейде қарызға батады. Алаяқтарды ұстау және іздеу оңай емес, өйткені олар көбінесе шетелде отырады, — делінген хабарламада.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

1. «Бейтаныс адамдарға сенбеңіз». Олар «банктен» қоңырау шалып, кодты немесе карта деректерін талап ете ме, бұл алаяқтар. Телефонды қойып, ресми сайттан көрсетілген нөмірге банкке қайта қоңырау шалыңыз;

2. «Онлайн мәмілелерді тексеріңіз». Интернеттен сатып аласыз ба, сайттың қауіпсіз («https://» мекен-жайынан) және сатушы нақты екеніне көз жеткізіңіз. Тым төмен баға — дабыл белгісі;

3. «Инвестициядан» сақ болыңыз. Жылдам табыс уәде етілген бе, компанияны  Ұлттық банк арқылы тексеріңіз. Лицензиясы болмаса — бұл алаяқтық;

4. «Алдын ала төлемеңіз». Хабарландыру сайттарында тауарды алғаннан кейін төлем жасауға немесе кездесуге келіссөздер жүргізіңіз; 5.«Деректерді қорғау». Құжаттардың суретін бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз;

6. «Бірден хабарлаңыз». Егер сіз алданып қалсаңыз, шотты бұғаттау үшін дереу банкке хабарласыңыз және полицияға арыз беріңіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив