A+ A A-

talgatzhan 6 Кеше, 12:40 0

Елімізде мамыр айында 128 мың автокөлік есепке қойылды

Бүгін / Республика

2025 жылғы мамырда 128,1 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюроыс мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.  


Оның ішінде: жеңіл автомобильдер – 113 мың, жүк автомобильдер – 8 мың, автобус – 1,4 мың, мототранспорт – 5,7 мың.

Стат бюроның мәліметінше, былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%, дизель отынымен жүретіндер 13,9%, газбен жүретіндер 36,2%, аралас отынмен жүретіндер 9,3% өскен.

Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9% артқан 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6,3 млн жетіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында көретілген пошта және курьерлік қызмет көлемі 35,4 млрд теңгені құрағанын мәлімдеген еді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артық. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив