A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:40 0

16–22 маусым аралығында қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға қатысады

Бүгін / Республика

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың 16–22 маусым аралығындағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


16–23 маусым – Семсерлесуден Азия чемпионаты

Ел құрамасынан 23 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия

16–23 маусым – Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты

Жарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: София қаласы, Болгария

16–24 маусым – Жағажай волейболынан Азия чемпионаты

Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.

Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд

18–19 маусым – Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты

Ел намысын 30 палуан қорғайды.

Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам

18–21 маусым – Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңі

Жарысқа отандық 6 гимнаст қатысады.

Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан

18–26 маусым – Пара пауэрлифтингтен Әлем кубогі

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай

20–21 маусым – Велотректен халықаралық жарыс

Турнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия

21–22 маусым – Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир

Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив