A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 09:40 0

Аптап ыстық: елдің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

"Қазгидромет" РМК ертең, 17 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Синоптиктердің болжамынша, кейбір аймақтарда +44°C-қа дейін аптап ыстық, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, сондай-ақ желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында +40...+44°C қатты ыстық күтілуде.

Абай, Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО, Астана және өзге өңірлерде күн +35...+40°C-қа дейін ысиды.

Жетісу, Абай, ШҚО, Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау және тағы басқа өңірлерде найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Көптеген облыстарда төтенше өрт қауіпі жарияланған. Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Семей, Тараз, Атырау, Талдықорған секілді қалаларда өрт қаупі аса жоғары.

Синоптиктер тұрғындарды алыс сапарларды кейінге қалдыруға, өрт қауіпсіздігін сақтауға және күннен қорғану шараларын ұстануға шақырады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив